г.Астана, ул. Майкайын 1, (здание школы-лицея №70 (вход справа)
+7 (7172) 43-19-47
ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ версия для слабовидящих

2025 жылғы 29 сәуірде М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Ерекше балалардың балабақшадан жоғары оқу орнына дейінгі кедергісіз ортасын құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш маңызды шараға Астана қаласы әкімдігінің №1 ПМПК басшысы Сагилова Жанна Кабдилевна арнайы қатысып, өз салалық тәжірибесімен бөлісті. Ол өз сөзінде баланың дамуына кешенді қолдаудың маңызын атап өтіп, ПМПК тарапынан көрсетілетін қызметтердің алгоритмі мен жетілдіру жолдарына тоқталды.Дөңгелек үстел аясында педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, арнайы мамандар мен ата-аналар инклюзивті білім берудегі өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты