Астана қ., Майқайын к-сі, 1, (№70 мектеп-лицей ғимараты (оң жақтағы кіреберіс)
+7 (7172) 43-19-47
Нашар көретіндерге арналған нұсқа нашар көретіндерге арналған нұсқа

Астана қаласы әкімдігінің «№1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» Астана қаласы АЭА Әкімшілік кеңесінің 1998 жылғы 31 наурыздағы №3 -1-437 шешімінің негізінде құрылды. No1 ПМПК-ның бірінші басшысы Тусупбекова Батима Нурушевна болды. 

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация балаларды тексеруды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып табылады.

ПМПК-ға балаларды қабылдау алдын ала тіркеу бойынша ата-аналарының (заңды өкілдерінің) еріп жүруімен жүзеге асырылады.

Тексеру мен кеңес беруді дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр, психолог, мұғалім-логопед (логопед), арнайы педагог (дефектолог): олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог және ПМПК меңгерушісі жүзеге асырады.