Астана қ., Майқайын к-сі, 1, (№70 мектеп-лицей ғимараты (оң жақтағы кіреберіс)
+7 (7172) 43-19-47
Нашар көретіндерге арналған нұсқа нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Психолого-медико-педагогикалық консультация №1» Астана қаласы әкімдігіне қарасты 1999 жылдан бастап жұмыс істейді. №1 ПМПК алғашқы басшысы Тұсупбекова Батима Нұрышевна болды. Оның еңбекқорлығы мен мамандыққа деген адалдығының арқасында ПМПК жұмысының сапасына оң әсер еткен көптеген маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Қазіргі таңда консультациялар жетекшілерінің көпшілігі Батима Нұрышевнаның шәкірттері болып табылады. Оның тәлімгерлігі мен тәжірибе беруі олардың кәсіби өсуінің негізі болды. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше жетістіктері үшін Тұсупбекова Батима Нұрышевна «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды (куәлік № 9618, 1992 жылғы 23 желтоқсан). Көптеген жылдар бойы білім саласына өзін арнап, еңбек еткен Батима Нұрышевна лайықты демалысқа шықты, артында бай мұра мен болашақ педагогтар үшін шабыт қалдырды.

2012 жылы білім беру ұйымын басқаруды Ташмакова Сания Маратовна қабылдап, ПМПК дамуы жолындағы жұмысты жалғастырып, оның өсуі мен жақсаруына елеулі үлес қосты. Сания Маратовнаның жетекшілігімен мекеме жаңа жетістіктер мен танылуларға қол жеткізді: 2017 жылы ПМПК №1 Аким грантына ие болды, бұл ұйымның кәсіби қызметінің жоғары деңгейін растайды. Сания Маратовнаның көшбасшылығының арқасында ПМПК мамандары арнайы және инклюзивті білім беру саласында үлкен жетістіктерге жетті. Олар қаладағы кәсіби педагогикалық қауымдастықтардың белсенді мүшелері болып, педагогтар ассоциациясының мүшелері атанды, сондай-ақ қалалық және республикалық байқауларда жеңіске жетті. Оның жетекшілігі педагогтар арасында кәсібилікті, ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды дамытуға ықпал етті, бұл білім сапасына және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға оң әсерін тигізді. Мемлекеттік ұйымдардың алғашқы басшыларының ротациясын өткізу ережелеріне сәйкес, Ташмакова Сания Маратовна 2024 жылдың тамыз айында Астана қаласы ПМПК №4 басшысы болып бекітілді.

2024 жылдың қазан айында ПМПК №1 басшысы болып арнайы және инклюзивті білім беру саласында айтарлықтай тәжірибесі бар Сагилова Жанна Кабдилевна тағайындалды. Жанна Кабдилевна «педагог-зерттеуші» біліктілік категориясына ие, Астана қаласының арнайы және инклюзивті білім беру педагогтары ассоциациясының мүшесі, сондай-ақ ГУ «Әдістемелік орталық» қалалық оқу-әдістемелік Эксперттік кеңесінің мүшесі болып табылады. Жанна Қабділевнаның жетекшілігімен ұйым әлеуметтік-педагогикалық модель негізінде сапалы тексеру мен кеңес беру үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби қызметін жалғастыруда.


Біз орналасқан жер: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Майқайын көшесі, 1-үй (№70 мектеп-лицей ғимараты, кіреберіс оң жақта)

Байланыс деректері: 43-19-47   

Басшы: Сагилова Жанна Кабдилевна 

8707-813-15-28

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Жұмыс уақыты: 

Дүйсенбі                        09:00 - 14:00 

Сейсенбі                        13:00 - 18:00 

Сәрсенбі                         09:00 - 14:00 

Бейсенбі                         13:00 - 18:00 

Жұма                              09:00 - 13:00 

Сенбі                               демалыс 

Жексенбі                        демалыс