Астана қ., Майқайын к-сі, 1, (№70 мектеп-лицей ғимараты (оң жақтағы кіреберіс)
+7 (7172) 43-19-47
Нашар көретіндерге арналған нұсқа нашар көретіндерге арналған нұсқа

Лауазымдық міндеттері:

логопедиялық тексерулер жүргізеді, ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды, баланың психофизикалық жағдайын ескере отырып, сөйлеу тілі бұзылған балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалайды.  Ата-аналарға және өзге де заңды өкілдеріне арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді

өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;

әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

 арнайы педагогиканы;

 арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;

педагогикалық этиканың нормалар;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат. Жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес.