1 қазан – Қазақстандағы Қарттар күні.
Осы айтулы мерекеде №1 ПМПК ұжымы көп жылдар бойы мекемемізде абыройлы еңбек еткен, ардақты зейнеткер, № 1 ПМПК құрметті бухгалтері Байбекова Зайра Иватулловнаны шын жүректен құттықтайды! ?
Зайра Иватулловна, Сіз – өз ісіне адал, еңбегін үлкен жауапкершілікпен атқарған, ұжымның құрметі мен ыстық ықыласына бөленген еңбегі елеулі жансыз.
Сіздің №1 ПМПК-дағы көп жылғы еңбегіңіз бен қосқан үлесіңіз ұмытылған жоқ. Сіз біздің ұжым үшін әрдайым қадірлі жансыз.
Бүгінде зейнетте болсаңыз да, Сізді ұмытпаймыз, құрметтейміз және әрдайым жылы ықыласпен еске аламыз. ❤️
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, жүрекке жылу, көңілге қуаныш тілейміз!
Ұрпақтарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, жақындарыңыздың құрметі мен қамқорлығына бөленіп, бақытты ғұмыр кешіңіз!
Еңбегіңіз – ел есінде, есіміңіз – біздің жүрегімізде! ?
Құрметпен,
№1 ПМПК ұжымы❤️
нашар көретіндерге арналған нұсқа



