Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2025 жылғы 27 мамыр күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне WorldSkills чемпионаты аясында «Әдістемелік гайд: инклюзивті білім және қолжетімділік» тақырыбындағы әдістемелік семинар өтті. Мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту және жұмысшы мамандықтарының WorldSkills чемпионатының Abilympics, Deafskills бағыттарына дайындық бойынша тәжірибе алмасу. № 1 ПМПК басшысы Сагилова Жанна Кабдилевна "Колледжде арнайы жағдай жасау: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудағы ПМПК рөлі" атты баяндама жасап, инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда ПМПК-ның атқаратын қызметі, колледждерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін арнайы жағдай жасаудың маңыздылығы, сондай-ақ мамандардың өзара іс-қимылы мен қолдауы жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды. Семинар қатысушылары баяндамадан мол тәжірибе алып, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды