⚡️ Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі аясында өткен «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу» тақырыбындағы пленарлық сессияда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен инклюзивті білім беруді дамыту, әр бала үшін тең және қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналғанын атап өтті.
🔆 IFIP инклюзия саласындағы халықаралық тәжірибешілер форумының негізін қалаушы, Дүниежүзілік Инклюзия Конгресінің президенті Дэниел Собел Дүниежүзілік инклюзия конгресі мен Қазақстанның қонақжайлығы әрбір қатысушы үшін ерекше әсер қалдырды деді.
🌎 Инклюзивті білім беру бойынша өткен Дүниежүзілік конгресс аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген және еліміздегі жетекші сарапшылар инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылады.
🔸Конгресс барысында 10 панельдік сессияда 160-қа жуық тақырып қамтылған. Шараға 3 мыңға жуық қатысушы тіркеліп белсенді қатысты.
нашар көретіндерге арналған нұсқа



