2025 жылдың 13 ақпанында №1 ПМПК меңгерушісі Сагилова Жанна Кабдилевна өзінің педагогикалық тәжірибесін жеткізу мақсатында Астана қаласындағы «No2 Оңалту орталығы» КММ әдістемелік кеңесіне қатысты.
Шара барысында Жанна Кабдилевна «Аяла» практикалық дағдыларды дамыту бағдарламалары жинағының негізгі мазмұнын ашып, әдістемелік материалмен жұмыс істеудің жолдары мен әдістерін айтып, ерте жастан мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың практикалық маңызын сипаттады.
Шара барысында талқыланып жатқан тақырып бойынша пікір алмасу болды. Оңалту орталығының мамандары қарастырылып жатқан әдістемелік материалға қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, практикалық ұсыныстар берді.
Кездесу қорытындысы бойынша №1 ПМПК мен №2 оңалту орталығының өзара іс-қимылының одан әрі жолдары қарастырылды