Құрметті ата-аналар!
Балаңыздың көз саулығы – оның толыққанды дамуы мен өмір сапасының кепілі. Көру қабілетін сақтау үшін дұрыс әдеттерді қалыптастыру, уақытылы күтім жасау және алдын алу шараларын жүргізу өте маңызды.
Сіздерге офтальмологтың бірнеше маңызды кеңесін ұсынамыз:
1-кейс:
Смартфонды пайдалану, теледидар көру, кітап оқу және көзге жүктеме түсіретін кез келген басқа әрекеттер балалар үшін жас ерекшелігіне байланысты шектеулерге ие. Мысалы, орта есеппен 6 жастағы бала үшін жақын қашықтықта жұмыс істеу уақыты күніне 2-3 сағаттан аспауы керек.
Баланың ұйқысына назар аударыңыз. Ұйқы кезінде балалардың қалыпты өсуі мен дамуы үшін аса маңызды гормондар бөлінеді.
Таза ауада серуендеу көзді жасанды жарықтан және экрандардан түсетін шағылыстардан демалтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол көз бұлшықеттерінің босаңсуына және кернеудің төмендеуіне ықпал етеді. Күн сәулесі көздің саулығына қажетті D дәруменінің түзілуін ынталандырады.
Кез келген физикалық белсенділік, ашық күн сәулесі мен ұзақ серуендер – мұның бәрі балаңыздың денсаулығына оң әсер етеді.
2-кейс:
Балалар офтальмологына жүйелі түрде қаралыңыз.
Балалар офтальмологиясында үш жасқа дейінгі балалар әр 6 ай сайын офтальмологтың тексеруінен өтуі керек. Егер ешқандай патология анықталмаса, одан кейін жылына бір рет тексерілген жөн.
Көз ауруларын ерте диагностикалау көруді уақтылы түзетуге мүмкіндік береді. Бұл оптикалық түзетуді (көзілдірік, жұмсақ немесе «түнгі» линзалар) және арнайы емдеу курстарын тағайындауға көмектеседі.
Егер балаңызда жақыннан көргіштік (миопия) болса, офтальмолог дәрігердің барлық ұсыныстарын қатаң сақтау қажет.
Осы ұсыныстарды орындау балаңыздың көз саулығын сақтауға көмектеседі.
3-кейс:
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырыңыз. Жарық жеткіліксіз болған кезде көзге шамадан тыс жүктеме түсіп, тез шаршатады.
Бала көп уақыт өткізетін бөлмеде, әсіресе жұмыс орнында, жарықтың қолайлы болуын қамтамасыз ету маңызды. Ең дұрысы – күндізгі жарық шамдарын пайдалану.
Баланың тамақтануын қадағалаңыз. Ас мәзіріне А, С, Е дәрумендеріне, сондай-ақ мырыш, селен, лютеин және көру қабілетіне пайдалы басқа да заттарға бай өнімдерді қосыңыз.
Күн тәртібін ұйымдастырыңыз. Балаңыздың көз саулығын сақтау үшін оның көру жүктемесін шектеу немесе кем дегенде, олардың арасында үзіліс жасау маңызды. Компьютер мен гаджеттерді қолдану уақытына арнайы кесте белгілеңіз.
Сабақтар кезінде әр 20 минут сайын үзіліс жасап отыруды ұмытпаңыз
Офтальмолог ПМПК №1 Кусаинова Батия Кунтасовна