Астана қ., Майқайын к-сі, 1, (№70 мектеп-лицей ғимараты (оң жақтағы кіреберіс)
+7 (7172) 43-19-47
Нашар көретіндерге арналған нұсқа нашар көретіндерге арналған нұсқа

ПМПК-ға қалай жазылуға болады:


Құрметті ата-аналар! Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз: №1 ПМПК-ға жазылу әр айдың 1-і мен 15-і күндері birge.astana.kz портал арқылы жүргізіледі. Егер бұл күндер мереке немесе демалыс күндеріне сәйкес келсе, жазылу келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Дәл жазылу күнін төмендегі телефон арқылы нақтылауыңызды сұраймыз:
📞 8 (7172) 43-19-47


1. Ең алдымен, компьютеріңізде NCAlayer бағдарламасы орнатылғанын тексеріңіз (бағдарламаны pki.gov.kz сайтынан жүктеуге болады).

2. birge.astana.kz порталына өтіп, «Жеке тұлға» ретінде кіріңіз немесе тіркеліңіз, ИИН, телефон нөмірі мен ЭЦП кілтін толтырыңыз.

3. «Білім беру» немесе «Популярные услуги» бөлімдеріне өтіңіз.

4. «Шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға психолого-медико-педагогикалық консультативтік көмек көрсету және тексеру» қызметін таңдаңыз.

5. «Қосу» түймесін басып, өтініш формасын ашыңыз.

6. Форманы толтырып, құжаттарды тіркеп, ЭЦП көмегімен өтінішті (RSA/GOST сертификаттары) қол қойып, жіберіңіз.

7. Шешіммен SMS-хабарлама күтуден хабарлама алыңыз.

Толығырақ